Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақ тілі Алексей Лодочниковке үлкен мүмкіндік сыйлаған. Бұл туралы блогер El.kids YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
Ол қазақ тілін бала күнінде үйренген.
Қазақ тілі ұнайды. Бірақ оны үйрену менің таңдауым болды деп айта алмаймын. Бала кезімнен ұстаздарым үйретті. Ол кезде қай тілде сөйлеп жүрмін, неге қазақ тілін үйреніп жүрмін деп ойланбадым, – дейді ол.
Блогер қазақ тілін білгеніне ешқашан өкінбеген. Керісінше, дәл осы тілдің арқасында өмірінде көптеген мүмкіндікке ие болғанын айтады.
Бәрі қазақ тілінің арқасы ғой. Қазақ тілі менің жолымды ашты, – деді Алексей Лодочников.
Ол достарына, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйренуге үнемі кеңес беретінін жеткізді. Себебі, оның сөзінше, мемлекеттік тіл Қазақстанда жоғары бағаланады.
Алексейдің сөзінше, бала кезінде қазақша сөйлегенде оған адамдар ерекше таңғалатын болған. Уақыт өте бұл көзқарас өзгереді деп ойлағанымен, арада 20 жыл өтсе де жағдай сол қалпы.
Қазақтар орысша сөйлесе ешкім таңғалмайды. Ал орыс қазақша сөйлесе, бәрі әлі күнге дейін таңырқайды, – дейді ол.
Дегенмен блогер тіл мәселесінде қысым көрсетуге қарсы екенін де жасырмады. «Қазақстанда тұрып жатырсыңдар, қазақ тілін білуге міндеттісіңдер» деген талаппен келіспейтінін айтты. Себебі, оның пікірінше, алдымен әр адам өз ана тілін білуі тиіс.
Мен өз ана тілімді білемін. Ал қазір көбіне қазақ тілінде сөйлеймін, – деді Алексей Лодочников.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады