Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық режиссер Әліби Мұқышевтің «No Good In Sight: A Story» («Еш жақсылығы жоқ оқиға») атты толықметражды фильмі 28-ші Шанхай халықаралық кинофестивалінің бағдарламасына енді. Картина алғаш рет 16 маусым күні Шанхай қаласында көрермен назарына ұсынылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл – режиссер Әліби Мұқышевтің тұңғыш толықметражды туындысы. Фильмнің түсірілімі 2023 жылы басталған. Сценарий авторы әрі режиссері болып табылатын Әліби Мұқышев Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде дәріс береді. Жобаға аталған оқу орнының 70-ке жуық студенті де қатысқан.
Қозғалатын тақырыптар
Туындының негізгі желісі әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа құрылған. Кейіпкерлер тағдыры арқылы отбасының адам өміріндегі маңызы, өткеннің ізі мен өмірлік тәжірибенің тұлға қалыптасуына әсері көркем түрде көрсетіледі.
Фильмде жалғыздық, сағыныш, жауапкершілік және ар-ождан секілді маңызды тақырыптар қозғалады. Сонымен қатар шығарма көрерменді отбасы құндылығы, тағдыр таңдауы және жан тыныштығын табудың мәні туралы ойлануға жетелейді.
Шанхай халықаралық кинофестивалі туралы
Айта кетейік, Шанхай халықаралық кинофестивалі 1993 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол – Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастықтары федерациясы (FIAPF) «А» санатына аккредиттеген Қытайдағы алғашқы кинофестивальдердің бірі әрі Азиядағы беделді кино алаңдарының қатарында саналады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?