23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында, Түркістан қаласында «Достық көпірі» атты қазақ-өзбек жастарының форумы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік орган өкілдері мен жетекші мамандары, белсенділер және жас кәсіпкерлер қатысты.
Форумға қатысушылар еңбек нарығына жасанды интеллекттің әсерін ерекше атап өтті. Олар жұмысшы мамандықтардың жаңа технологиялық жағдайларға бейімделуін талқылап, еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшыларды әлеуметтік қорғау шараларын күшейту бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.
Брейнстормингтен кейін мәдени бағдарлама ұйымдастырылды. Жиынға қатысушылар Арыстан баб пен Қожа Ахмет Ясауи кесенелеріне барды. Сонымен қатар олар Этно ауылдағы Түркістан облысының жастары арасында ұлттық спорт түрлерінен өткен «Auyl Fest» сайысын тамашалады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік