6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен театрлар арасында «Театр барысы» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Турнирдің басты мақсаты – еліміздің театрларында ұлттық спортты дамытып, қазақ күресін кеңінен дәріптеу, сондай-ақ Қазақстанның театр кеңістігіндегі актерлердің өнер мен спорттағы шығармашылық әрі әріптестік байланысын нығайту.
Жарысқа еліміздің 17 облысындағы театр және кино актерлерімен қоса Қобыланды Болат және Саят Мақұлбаев сынды жалпы есепте 48 актер қатысады.
Жоба авторы – Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының, «Ерен еңбегі» үшін төсбелгісінің иегері, театр және кино актері, үш дүркін «Өнер барысы», Музыкалық жас көрермен театрының актері Асылхан Төлепов.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі