Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕрлер мен әйелдер арасында төрт салмақ дәрежесінде өткен қазақ күресінің CISM І-ші әлем чемпионатында үздіктер анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер салтанатты түрде марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Qazaqstan жеңіл атлетикалық кешенінде өтіп жатқан жарыстың алғашқы күні ерлер мен әйелдер арасында төрт салмақ санатында чемпиондар мен жүлдегерлер белгілі болды.
Ерлер арасында қазақ палуандары 55 келі салмақта Бекжан Төлепов, 66 келі салмақ дәрежесінде Сағындық Әшім чемпион атанды
Тартысты күрестің күміс жүлдесін 82 келі салмақта Нұрдәулет Бақтыбайұлы еншіледі. Ал қола медаль үшін тартыста 100 келі салмақта Айбек Ізтілеуов жеңімпаз деп танылды.
Әйелдер арасында алтын медалді қазақстандық 48 келі салмақ бойынша Айжан Жылқыбаева мен 56 келіде өнер көрсеткен Рауза Нұрмахамметова қанжығасына байлады.
Күміс жүлдені Арина Сарипова (65 келі) және Зәмзәгүл Файзолланова (77 келі) алды.
Жекпе-жек бүгін де жалғасып жатыр. Боз кілемде қалған салмақтағы ерлер (60 келі, 74 келі, 90 келі және 100 келіден жоғары), әйелдер (52 келі, 60 келі, 70 келі және 77 келіден жоғары) шығады.
Еске сала кетсек, жарысқа әлемнің 25 елінен 150-ден аса спортшы қатысып жатыр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары