Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақ күресінен Азия чемпионатында ұлттық құрама балуандары 8 алтын медаль иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өзбекстанның Жизақ қаласында қазақ күресінен ересектер арасында өткен Азия чемпионаты өтіп, 11 елдің балуандары бақ сынады.
Ұлттық құрамада өнер көрсеткен маңғыстаулық Нұрдаулет Жарылғапов +100 келі Азия чемпионы атанды. Нұрдаулет алғашқы белдесуінде үндістандық спортшыны жеңсе, одан кейінге белдесулерінде тәжікстандық және жапондық спортшыдан басым түсті.
Аталған сында Қазақстан Ұлттық құрама өкілдері жалпыкомандалық бірінші орынға тұрақтады.
Жалпыкомандалық есеп отандастарымыз 8 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль иеленсе,
ІІ орынға ие болған Өзбекстан балуандары 7 алтын, 4 күміс, 4 қоланы қанжығаларына байлалады. Ал ІІІ орын Тәжікстан спортшыларына бұйырып, 1 алтын, 5 күміс, 1 қоламен биіктен көрінді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары