22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында БҰҰ-ның Африка елдеріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (UNECA) алаңында алғаш рет қазақ киіз үйінің тұсаукесері болды, деп хабарлайды El.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Іс-шара UNECA-дағы жыл сайынғы Дипломатиялық базар аясында өтті. Тұсаукесерге Аддис-Абебадағы БҰҰ органдарының, Африка одағы комиссиясының, Эфиопияның мемлекеттік органдарының қызметкерлері, Аддис-Абебада аккредиттелген шет мемлекеттердің елшілері, сондай-ақ Африкадағы Қазақстанның Достар клубының мүшелері қатысты.
Сондай-ақ «Қамажай» және «Қара жорға» қазақ халық билерінен, Абайдың поэзиялық шығармаларынан тұратын мәдени бағдарлама көрсетілді.
Қатысушылар ұлттық ою-өрнектермен, қазақ музыкалық аспаптарымен, тұрмыстық заттармен және ұлттық костюмдермен безендірілген қазақ киіз үйінің безендірілуіне ерекше қызығушылық танытты. Қонақтарға қазы, бауырсақ, жент және басқа да қазақ ұлттық тағамдары ұсынылды.
Африка елдерін мәдениетімізбен және ЮНЕСКО-ның материалдық мәдени мұра тізіміне енген киіз үймен таныстыру биыл аяқталатын Қазақстан бастамасымен белгіленген БҰҰ мәдениеттер жақындасуының халықаралық онжылдығы, сондай-ақ мәдениетаралық диалог пен ынтымақтастықты дамыту контекстінде маңызды мәнге ие болды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев