Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіАбай жұртшылығы белгілі қоғам қайраткері, Мәжілістің бұрынғы депутаты Төлен Тоқтасыновты ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Арман Әубәкір өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранқаев өзі бастап асыл азаматты шығарып салу шараларының басы-қасында жүрді. Абай атындағы облыстық драма театрына қарақұрым халық жиналды. Мұның бәрі де Төлен Мұқамедиұлының өз ел-жұрты алдындағы абырой-беделінің жоғары екенін айғақтай түскендей.
Астанадан Парламент Мәжілісінің депутаты Ермұрат Астанадан Семейге арнайылап келіпті. Депутат Төлен Тоқтасынов жайында тебіреніп сөйледі, - деп жазды ол.
Сонымен қатар Ермұрат Бапи Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың көңіл айту жедел хатын оқып берген.
Ал белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила жақын досы Төленге арнаған өлең жолдарын жатқа оқыды.
Төлен Мұхамедиұлы Тоқтасынов 1962 жылы 9 қазанда Семей қаласында туған. Мемлекет және қоғам қайраткері.
Төлен Тоқтасынов көзі тірісінде «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының құрылтайшыларының бірі болды. Сондай-ақ Мәжіліс депутаттығына сайланған.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік