Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыИлья Ильин қазақ тілін үйреніп жүргені туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Желіге қазақша сөйлеген видеосын жүктеген ол: «Қайырлы кеш, достар! Тағы да қазақ тілінен қате жібердім. Мен үйреніп жатырмын және қателескен дұрыс» деп жазды.
Спортшының бұл бейнежазбасы желі қолданушыларын елжіретті.
Әлеуметтік желідегі Ильиннің жазылушылары «Қазақ болып кеткен», «Нағыз Қызылорданың жігіті ғой», «Қазақша сөйлегенің тамаша», «Біздің сүйікті чемпион», «Жаным сол, қандай күшті жігітсің», «Ештеңе үйренгісі келмейтін адам ғана қате жібермейді», «Сені қазақи жаның үшін, мейірімді, ақжарқын мінезің үшін, еліңді, халқыңды сыйлағаның үшін жақсы көреміз» деп спортшыны қолдап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары