Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыВенгрияның Дебрецен қаласында өткен бокстан Иштван Бочкай атындағы турнир өз мәресіне жетті. Жарыста қазақстандық боксшылар бес алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Қазақстан командасы сапынан Асхат Жүсіпов (48 келі), Асылжан Серікбай (57 келі), Бeйбарыс Жексен (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) және Ерасыл Жақпеков (80 келі) чемпион атанды.
Асхат Жүсіпов финалда украиналық Андрей Тишковецті жеңсе, Асылжан Серікбай венгриялық Роланд Верештен басым түссе, Бейбарыс Жексен венгриялық Крузито Ковачты ұтса, Ертуған Зейнуллинов Ричард Ковачты тізе бүктірді.
Ал Ерасыл Жақпеков венгриялық Пал Ковачты жеңді.
Күміс жүлдегерлер қатарында Даниял Сәбит (51 келі), Кенже Мұратұлы (54 келі), Сабыржан Аққалықов (71 келі) және Темірлан Мұқатаев (86 келі) бар.
Оқи отырыңыз:
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар