15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Instagram парақшасында Қазақстанның бокс құрамасындағы боксшыларға көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олимпиада чемпионының айтуынша, қазіргі боксшылар "қазақы бокс стилін" жоғалтып алған.
Барлық бокс жанкүйеріне 2000 жылдар басындағы Жиров, Ниязымбетов, Ибраимов, Оразалиев, Жұмаділов, Саттарханов сынды боксшылардың өткізген жекпе-жектерін қарауды ұсынамын. Олардың барлығынан қапталдан жасайтын соққы, кросс, қарсыластан бұрын ұру, психологиялық қысым мен босаңсуға болмайтын ерік-жігерді байқайсың. Нағыз қазақы бокс стилі осындай болатын. Біз жас кезімізде сондай шеберлерге қарап тамсандық, еліктеп, жаттығатын едік. Қазір сол шеберлік қайда? «Қазақ стилі» қайда кетті? Әлем чемпиондары неге өздерін дәлелдемейді? Қазіргі құраммен қайталанбас қазақ боксы стилін қайтара алуымыз екіталай, – дейді Бақыт Сәрсекбаев.
Айта кетейік, боксшылар төңірегіндегі дау әлі басылар емес. Бұған дейін бас бапкер Мырзағали Айтжанов боксшыларымыздың басты кемшілігін айтып берген болатын.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады