Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазандық «Мир» кинотеатрында XX Қазандық халықаралық «Алтын минбар» кинофестивалі шеңберінде қазақ фильмдерінің көрсетілімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов соңғы жылдардағы қазақстандық кинематографияның үздік үлгілері көрермендерге ұсынылатынын атап өтті. Қазандағы Қазақ кино күндерінің бағдарламасы көрермендерді негізгі үш туындымен, бір мюзикл мен қысқаметражды анимациялық фильмдер альманахымен таныстырады. Мұндай іс-шаралар елдеріміздің мәдениет саласындағы қарым-қатынастарын нығайтуға оң үлесін қосады.
Өз кезегінде Татарстан Республикасының «Татаркино» мемлекеттік бюджеттік мәдениет мекемесінің директоры Миляуша Айтуганова Қазақстан Қазандық кинофестивалінің конкурстық және конкурстан тыс бағдарламаларында 10-ға жуық фильм ұсынғанын атап өтті, бұл қазақ кинематографистері жанрының алуан түрі бар екенін көрсетеді. Сонымен қатар ол биылғы жылы анимациялық фильмдердің рекордтық саны Қазақстаннан келгенін де хабарлады, бұл анимация жанрының өте жақсы дамуының көрсеткіші.
Көрсетілімнің ашылу салтанаты «Олиара» драмасымен басталды, ол режиссер және сценарист Томаша Тот пен Нұрлан Сегізбаевтың бірлескен қазақ-мажар жобасы. Сондай-ақ көрермендер қазақ режиссері Талғат Теменовтың «Смуглянка/QaraQyz» фильмін, Ерлан Нұрмұхамбетов пен Лиза Такэбаның «Конокрады. Дороги времени» атты қазақ-жапон бірлескен жұмысын және ү.ж. 5 қыркүйекте шыққан Фархат Шариповтың «Стоп.Ночь» атты мюзиклін тамашалады.
Іс-шараға Қазанда аккредиттелген шетелдік бас және құрметті консулдықтардың басшылары, Татарстан мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ іскер топтары, БАҚ және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?