13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазан айында қазақстандықтарды үш күндік демалыс күтіп тұр. Оның себебі – 25 қазанда атап өтілетін Республика күні. Мереке жексенбіге түсетіндіктен, демалыс күні келесі күнге ауыстырылады.
Республика күні – Қазақстандағы ұлттық мереке. Ол жыл сайын 25 қазанда атап өтіледі. Дәл осы күні, 1990 жылы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдаған.
Республика күні 2022 жылдан бастап қайтадан ұлттық мереке мәртебесіне ие болып, демалыс күні ретінде күнтізбеге енгізілді.
2026 жылы 25 қазан жексенбіге түседі. Қазақстан заңнамасына сәйкес, мереке демалыс күніне сәйкес келген жағдайда демалыс күні келесі жұмыс күніне ауыстырылады.
Сондықтан бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтіндер үшін қазан айының соңында қатарынан үш күн демалыс болады:
Алты күндік жұмыс аптасындағылардың жағдайы өзгеше. 24 қазан, сенбі – жұмыс күні, сондықтан олар үш күн қатарынан демалмайды.
Қазан айындағы атаулы күндер
Республика күнінен бөлек, қазан айында бірнеше кәсіби және халықаралық атаулы күн атап өтіледі.
Қазан айында қанша күн жұмыс істейміз?
2026 жылғы қазан күнтізбесінде бес күндік жұмыс аптасы бойынша 21 жұмыс және 10 демалыс күні бар.
Алты күндік жұмыс аптасында 26 жұмыс күні және 5 демалыс күні болады. Яғни қазан айындағы үш күндік демалысты алдын ала жоспарлап, отбасымен бірге қала сыртына шығуға, шағын саяхатқа баруға немесе жай ғана тынығуға болады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды