15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыМәдениет және ақпарат министрлігі қайырымдылық саласындағы құрметті атақты беру үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ведомство дерегінше, бұл марапат қайырымдылық қызметін дамытуға елеулі үлес қосқан меценаттарды, қайырымдылық ұйымдарын және волонтерлерді ынталандыруға бағытталған.
Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 1 маусымда басталып, 1 шілдеге дейін жалғасады.
Құрметті атаққа үміткерлерді мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар ұсына алады. Құжаттарды Мәдениет және ақпарат министрлігіне келесі тәсілдердің бірімен ұсынуға болады:
• электрондық пошта арқылы: zvanie_2023@mbx.kz (PDF форматында);
• поштамен, хабарлама қағазымен бірге;
• министрліктің кеңсесіне қағаз және электрондық тасымалдағышта (CD-диск немесе USB-флэш-жинақтаушыда DOC, DOCX немесе PDF форматында) қолма-қол тапсыру арқылы.
Жеңімпаздар Парламент депутаттары, азаматтық қоғам, квазимемлекеттік сектор және мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған Конкурстық комиссияның шешімімен анықталады.
Салтанатты марапаттау рәсімі 2025 жылдың қазан айында өтеді.
Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:
(87172) 74-03-11, 74-12-86
Сондай-ақ Құрметті атақты беру ережелерімен мына сілтеме арқылы танысуға болады:
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029542
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады