10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМәдениет және ақпарат министрлігі қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтінімдер қабылдау басталғанын жариялайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік мәліметінше, құрметті атақ қайырымдылық саласын дамытуға елеулі үлес қосқан қайырымдылық жасаушыларды, қайырымдылық ұйымдарын және қайырымдылық волонтерлерін қолдауға бағытталған.
Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 1 мамырдан басталып 2024 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасады.
Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органға (МАМ) құжаттарды хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы, МАМ кеңсесі арқылы қолма-қол қағаз және электрондық жеткізгіштерде (DOC, DOCX, PDF форматындағы CD-дискілерде не USB-флэш-жинақтағыштарда) немесе zvanie_2023@mbx.kz (PDF форматында) электрондық мекенжайына жолдай алады, - делінген мәліметте.
Жеңімпаздар Парламент депутаттары, азаматтық және квазимемлекеттік сектор, мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссияның шешімімен айқындалады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді