1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАстанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионның жаңа ғимараты қайтарылған активтер есебінен бой көтермек. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің ресми сайтында жарияланған құжатта көрсетілген,деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа стадион құрылысына 17,3 миллиард теңге бөлінген. Жоба мемлекеттік арнайы қор арқылы қаржыландырылатын нысандар тізіміне енгізілген.
2024 жылдың қаңтар айында ескі стадион толықтай бұзылды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Жаңа спорт кешені үш қабаттан тұрады және 3 600 адамды сыйдыра алады. Стадионның құрылысы 15 мың м² аумақты қамтиды.
Қазіргі уақытта жобаны іске асыруға қажетті дайындық жұмыстары басталып кетті. Егер құрылыс белгіленген мерзімде аяқталса, Астана тұрғындары мен қонақтары заманауи, көпфункционалды стадионға қол жеткізеді.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?