7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?«Қайсардың» жаңа ойыншысы Мозес командаға тез сіңісіп кеткен. Бұл туралы жартылай қорғаушы Айбол Әбікен El Sport YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
Оның сөзінше, легионердің қарапайымдылығы бірден көзге түскен. Тіпті қазір екеуі бір үйде тұрады.
Бір үйде тұрамыз, ол төртінші қабатта, мен екінші қабаттамын. Көршіміз. Өте қарапайым жігіт. Тек тіл жағынан кішкене қиындық бар, бірақ оны да шешеміз, – дейді футболшы.
Айбол Әбікеннің айтуынша, маусым басында нәтижелер көңіл көншітпесе де, Қайсар клубында ішкі атмосфера өзгермеген.
Ішкі атмосфера бізде әрдайым жақсы. Былтыр да солай болды. Басқа командалар да соған қызығатын. Қазір де сол деңгейді сақтап тұрмыз. Соның арқасында жеңістер келеді деп ойлаймын, – деді ол.
Сұхбат барысында футболшы Қазақстан ұлттық құрамасы ішіндегі өзгерістерге де тоқталды. Оның айтуынша, қазір ойыншылар бір-бірімен толық қазақ тілінде сөйлеседі.
Қазір бәріміз қазақша сөйлейміз. Жаттығуда да, сыртта да. Бұл біреуге ерекше көрінуі мүмкін, бірақ қазақ болған соң бәріміз қазақша сөйлеуіміз керек, – дейді Айбол.
Сондай-ақ ол мансабындағы ең қиын кезеңдердің бірі – допингке байланысты жағдайдан кейін алаңға қайта оралу оңай болмағанын айтты.
Алғаш жаттығуға шыққанда қатты қобалжыдым. Аяқ-қолым дірілдеп тұрды. Бірақ жанымда тәжірибелі ағаларым болды, солардың қолдауымен біртіндеп өз қалпыма келдім, – деді спортшы.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?