Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмырза осы маусымдағы Чемпиондар лигасында қақпаға бағытталған соққыларды қайтару көрсеткіші бойынша үздік үш голкипердің қатарына енді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
УЕФА-ның ресми сайтында жарияланған статистикаға сәйкес, небәрі 18 жастағы қақпашы екі турда 11 сейв жасады. Бұл көрсеткіш бойынша одан жоғары тек «Марсельдің» қақпашысы Херонимо Рульи (15 соққы) және «Пафос» ойыншысы Михаил Неофитос (13 соққы) тұр.
Айта кетейік, бұл жағынан Шерхан атақты қақпашыларды да артта қалдырды. Мәселен, әлемнің ең қымбат қақпашысы, «Манчестер Сити» ойыншысы Джанлуиджи Доннарумма бар болғаны үш соққыны қайтарып, екі гол жіберіп алған. Ал «Реалдың» қақпашысы Тибо Куртуа сегіз сейв жасап, бір доп өткізіп жіберген.
Шерхан Қалмұрза екі матчта тоғыз гол жібергенімен, «Спортингке» қарсы ойында пенальтиден соққыны қайтарды. Ал «Реалға» қарсы кездесуден кейін ол Куртуа тарапынан құрметке ие болып, Instagram желісінде жүздеген мың жаңа жазылушы жинады. Қазір Қалмұрза – елдегі ең танымал футболшы.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар