22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБританиялық TNT Sports спорт басылым Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі сенсациялық нәтижеге назар аударды. Шотландияның «Селтигі» қазақстандық «Қайраттан» өте алмай, топтық кезеңнен тыс қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Қайрат» «Селтикті» жеңіп, Чемпиондар лигасында тарих жазды
«Селтик» төрт жылдан бері алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыға алмады. Плей-офф раундында шотландиялық клуб пенальти сериясында «Қайратқа» есе жіберіп, енді маусымды Еуропа лигасында жалғастырады. Екі матч та 0:0 есебімен аяқталды, ал 11 метрлік серияда қазақстандық клуб 3:2 есебімен жеңіске жетті. Қақпашы Темірлан Анарбеков Адам Айда, Люк Маккоуэн және Дайдзэн Маэда соққыларын қайтарды.
«Селтик» бас бапкері Брендан Роджерс матчтан кейінгі сұхбатында мойындады:
Бұл өте сүреңсіз ойын болды. Өз әлеуетімізді көрсететіндей мүмкіндігіміз бар еді, бірақ біз оны пайдалана алмадық. Чемпиондар лигасы – керемет турнир, бірақ екі ойында да жеткілікті әрекет жасай алмадық.
Ол Шотландия премьер-лигасындағы сәтті бастау мен Еуропадағы сәтсіздікті салыстырды:
Чемпионатта жақсы бастадық, бірақ мұнда әлдеқайда жоғары дәлдік керек. Үйде маңызды сәтті жіберіп алдық, ал бүгінгі ойын мүлде тартымсыз өтті.
Сонымен қатар Роджерс Қазақстанға арнайы ұшып келген жанкүйерлерді атап өтті:
«Қайратты» құттықтаймын. Олар үшін бұл – фантастикалық нәтиже. Бірақ біз үлкен мүмкіндікті уыстан шығарып алдық. Фанаттарға алғыс айтқым келеді. Олардың клубқа деген махаббаты ерекше екені көрініп тұр.
Бапкердің айтуынша, команда бұл жеңілісті қабылдап, алдағы уақытта Еуропа лигасына назар аударуы тиіс.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев