22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыМонакодағы Grimaldi Forum сахнасында өткен 2025/26 маусымының УЕФА Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің жеребесі қазақстандық жанкүйерлер үшін тарихи сәт болды. Өйткені «Қайрат» алғаш рет әлемнің ең беделді клубтық турнирінің басты сахнасына шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Басты жұлдыз – «Реал Мадрид»
Златан Ибрагимовичтің қолынан түскен алғашқы қарсылас – «Реал Мадрид». Бұл – ЛЧ-ның басты фавориттерінің бірі әрі алматылық жанкүйерлердің армандаған қонағы. Алматыға Мбаппе, Винисиус, Куртуа, Вальверде секілді футбол әлемінің супержұлдыздары келеді. Бір сөзбен айтқанда, Орталық стадионға билет – нағыз алтынға тең.
Миландық сынақ – «Интер»
Ал «Интер» алматылықтарға қонақта қарсылас болмақ. Былтырғы финалиспен ойнау оңай емес. Әсіресе «Сан-Сиро» қабырғасында. Бірақ тәжірибе үшін бұл – баға жетпес мүмкіндік.
Лондондық стиль – «Арсенал» және бельгиялық «Брюгге»
Екінші себеттен «Қайратқа» «Арсенал» түсті. «Канонирлермен» ойынды «Эмирейтсте» өткізу – әр ойыншының мансабындағы үлкен сахна.
«Брюггеге» қарсы ойын Алматыда өтеді. Мұнда «Қайраттың» мінез көрсетіп, жанкүйерлерді қуантатын сәт тумақ.
«Спортинг» пен «Олимпиакос»
Үшінші себеттен түскен қарсыластар жеңілдеу болады деп топшылаймыз. «Қайрат» үшін қолайлы жеребе. «Спортинг» қазір қайта құру кезеңінде, ал «Олимпиакос» – Еуропаның ортаңқол клубы. Грекиялық ұжым алынбайтын қамал емес.
Нағыз сый – «Пафос» пен «Копенгаген»
Төртінші себеттен түскен қарсыластар жанкүйерлер үшін нағыз сыйлық болды. «Ньюкасл», «Атлетик» немесе «Галатасарай» секілді алпауыттардан қашып, «Пафос» пен «Копенгагенге» кезігу – «Қайрат» үшін керемет мүмкіндік.
Қорытынды
Иә, Алматыда жанкүйерлер тек «Реалды» көреді. Бірақ жеребе сәтті деуге болады. «Қайраттың» қарсыластары арасында ірі грандтар да бар, бірақ алматылық ұжым еңсере алатын клубтар да кездеседі.
Дебют үшін бұдан артық сценарийді ойлап табу қиын. Бастысы қатысу деп отырмаймыз, Еуропаны шулатуға, бұл турнирде кездейсоқ команда еместігімізді көрсетуіміз керек.
Алматыда «Реалды» көру – футбол мерекесі. Бірақ одан да маңыздысы бар, ол «Қайраттың» Еуропадағы жаңа бетбұрысы басталды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев