Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАстанада кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот процесі жалғасып жатырү Сондай-ақ жәбірленуші Тұрсын Алагөзовтың қорғаушысы Қайрат Сатыбалдыға қатысты тағы бір іс бар екенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қалалық сотқа сілтеме жасап.
"Азаматтық талапқа қосымшалар енгіздік. Талап мәтінінде барлығы айтылған, Гүлмира Сатыбалдыдан азаматтық талап бойынша келтірілген 6 миллиард 985 миллион 221 мың теңге шығын сомасын "GALANZ bottlers" АҚ 43,25 пайыз акциясын қайтару арқылы өндіруді және моральдық шығын ретінде 5 млрд теңге өндіріп алуды сұраймыз", - деді жәбірленуші Түрсен Алагөзовтың адвокаты.
Айта кетейік, Гүлмира Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің 389-бабының 3 және 4-бөлігі (Өзінше билік ету), 28-бабының 3-бөлігі 1 және 8-тармағы (Адамдарды пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам орындаушы деп танылады), 125-бабының 2-бөлігінде (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы және пайдакүнемдiк ниетпен адамды ұрлау) көрсетілген қылмысты жасады деген айып тағылған.
Сотта Гүлмира Сатыбалды өзіне тағылған айыпты мойындамады.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды