Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЭкс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды жазасын өтеп жатқан колонияда төбелес болып, 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
14 шілдеде ШҚО бойынша ҚАЖД №22 мекемесінде әкімшілік қызметкерлері тұрмыстық негізде туындаған төбелесті тоқтатты. Факт ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген, жедел-тергеу тобы шақырылған. Қызметтік тергеу жүргізілуде. Жанжал барысында төрт сотталушы жеңіл жарақат алды, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді, - деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта жанжал шығарғандар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, изоляторға қамалды.
Оқи отырыңыз:
Аталған колонияда Қайрат Сатыбалды жазасын өтеп жатыр. Әлеуметтік желіде оқиғаның куәгерлері де пышақ жарақатын алды деген хабарламалар тарады.
Қайрат Сатыбалдының бұл жанжалға қатысы жоқ, - деп мәлім етті комитет.
Айта кетейік, Қайрат Сатыбалды 6 жылға сотталған еді. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеп жатыр.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек