10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӨскемен қаласының №2 соты Қайрат Сатыбалдыұлының жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтінішін қарады. Бұл туралы 2024 жылдың 16 тамызында соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Қайрат Сатыбалды мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан 10 жылға дейінгі мерзімге айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сотталған өзінің өтінішхатында жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішхатын беру үшін заңның барлық талаптарын орындағанын атап көрсеткен, - деп жазды сот.
Cот сотталушының өтінішхатын қанағаттандырды және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімге бас бостандығын шектеуге ауыстырды.
Бұған дейін Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке 50 миллиард теңгеден астам активтерді қайтарғанын мәлімдеген болатын. Жалпы, Сатыбалдыұлы 2,5 жыл ішінде мемлекетке 783 млрд теңгеге активтерді қайтарды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді