30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстанада кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыға қатысты негізгі сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайрат Сатыбалдыға екінші рет 218-бап, 3-бөлім, 3-тармақ, ҚР ҚК - "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастыру" бойынша тергеу басталған. Айыпталушы сот отырысында кінәсін толық мойындайтынын айтты.
Қорғаушы тарап кінәсін мойындау және заңсыз сатып алынған активтерді қайтару туралы процестік келісім жасау туралы өтінішхат берді. Осыған байланысты сот процестік келісімді жасау мәселесін шешу үшін уақыт берді. Сондықтан судья сот отырысын белгісіз мерзімге кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, 2023 жылы қыркүйекте Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот үкімі жарияланды. Ол 28-баптың 3-бөлігі, 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағы, 195-баптың 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Қайрат Сатыбалдыұлына мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды