Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталдыАлматыда футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы матч барысында тәулік бойы медициналық бақылау ұйымдастырылады. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Осы мақсатта стадион аумағына бес жедел жәрдем бригадасы қойылып, әрқайсысы кез келген жағдайға жедел іс-әрекетке дайын тұрады.
Медициналық құрам ірі спорттық және бұқаралық іс-шараларда тәжірибесі мол жоғары білікті мамандардан жасақталған. Бригадалар трибуна маңында және кіреберіс жақта орналасып, ұйымдастырушылармен және қауіпсіздік қызметімен тұрақты байланыста болады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, барлық шара жанкүйерлердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл матч қонақтарының Алматыдағы осынау жарқын әрі көптен күткен спорттық оқиғаны алаңсыз тамашалауына мүмкіндік береді.
Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады