Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өлең оқыған видеосын әлеуметтік желіде жариялап, көпшілікті ойландырып қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайрат Нұртастың әйелі тележүргізуші Ардақ Қасымханмен жұп болып өлең оқыған. Ал туынды ғашықтық туралы.
Ғашық болғым келмейді, қорқынышты,
Махаббаттың себебі өрті күшті...
Сағыныштың теңізі тербелгенде...
Маза бермейді жүрекке толқын ішкі.Ғашық болғым келмейді, түсін мені,
Қасірет те жетеді ішімдегі.
Өңімдегі мұң-қайғым болғаныңша,
Бақытым, бақытым боп жүре берші түсімдегі, - деді өнер иесі.
Дегенмен оқырман қауым бұл өлеңнен соң Жұлдыздың жеке өміріне қатысты сұрақтар қоя бастаған.
«Қайрат Нұртас қызғанбай ма екен?!», «Жұлдызға басқа махабаттың керегі не, Қайрат, екі ұлы, екі қызы тұрғанда?», «Бақытты әйелдің түрі басқаша болады. Шаршаған әйелді түрі ғой», «Сонымен, Қайрат Нұртас қайда?», «Жұлдыз құдды ішіндегі жанайқайын жеткізіп тұрғандай», - деп жазды желі қолданушылары.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары