Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық қос ұжым «Қайрат» пен «Семей» футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіндегі алғашқы матчтарын өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алматылық «Қайрат» сырт алаңда Бельгияның «Андерлехт» командасымен кездесіп, 7:3 есебімен айқын жеңіске жетті. Ойынның бірінші минутында Кайо Руиз есеп ашқанымен, алаң иелері үш голмен жауап берді. Дегенмен, алматылықтар бірінші тайм соңына дейін есепті теңестірді. Команданың үздіктері Атирсон Сильва мен Лукас Отанья кезекті мәрте мергендігімен көзге түсті.
Ойынның екінші жартысында қазақстандық ұжым толық басымдық танытып, Дәурен Тұрсағұлов, Атирсон Сильва, Біржан Оразов және Лукас Отаньяның голдары сенімді жеңіске жеткізді.
Ал «Семей» өз алаңында Польшаның «Пяст» клубын қабылдап, 3:3 есебімен тең тарқасты. Алаң иелері сапынан Дедезиньо дубль авторы атанса, тағы бір голды Камил Герейханов соқты. Айқын басымдылыққа қарамастан, қонақтар соңғы минуттарда үш гол салып, таразы басын теңестіріп кетті.
Қарымта кездесулер 5 желтоқсан күні өтеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?