Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматының «Қайраты» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңында Кипрдің «Пафос» клубымен өтетін матчтың билет бағаларын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алдағы ойынға арналған билеттер құны былай белгіленді:
Батыс трибунасы – 30 000 теңге (1-9-секторлар, 1-3-қатар), 150 000 теңге (10-11, 16-17 және 1-9-секторлар, 4-қатардан бастап), 250 000 теңге (12-15-секторлар);
Шығыс трибунасы – 75 000 теңге (30-48-секторлар);
Солтүстік трибуна (қақпа артындағы орындар) – 30 000 теңге (20-28-секторлар), 75 000 теңге (18-19-секторлар);
Оңтүстік трибуна (қақпа артындағы орындар) – 30 000 теңге (49-58-секторлар), 75 000 теңге (59-60-секторлар).
Билеттер сатылымы бүгін, 13 қазан күні, сағат 12:30-да (Астана уақытымен) басталды.
Айта кетейік, «Қайрат» – «Пафос» матчы 21 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Бұған дейін Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері алғашқы екі ойында лиссабондық «Спортингтен» (1:4) және мадридтік «Реалдан» (0:5) ұтылған болатын.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?