Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматыда полиция қызметкерлері қаладағы Орталық стадионда өтетін «Қайрат» пен «Пафос» командалары арасындағы халықаралық футбол матчы кезінде жанкүйерлердің тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау мен трибуналардағы бақылаудан бастап, спорт нысаны маңындағы жол қозғалысын реттеуге дейінгі барлық бағытта жұмылдырылған. Полицияның мәліметінше, матч өткізу кезінде көлік қозғалысына ішінара шектеулер енгізілуі мүмкін.
Осыған байланысты алматылықтарға өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша шараларға түсіністікпен қарау ұсынылады.
Алматы полициясы футбол кешінің тыныш әрі жайлы өтуі үшін барлық қажетті шараны қабылдап отыр. Мұндай іс-шаралардағы қауіпсіздік тек тәртіп сақшыларына ғана емес, азаматтардың жауапкершілігіне де байланысты. Жанкүйерлерден тәртіп сақтап, полициямен өзара ынтымақтастық танытуды сұраймыз, – деді Алматы қалалық ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Полицияда атап өткендей, қабылданып жатқан барлық шараның басты мақсаты – спорттық мереке кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар