Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматыда өткен УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі екінші турындағы тарихи кездесуде қазақстандық «Қайрат» испаниялық «Реал Мадридке» 0:5 есебімен жол берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Матч Орталық стадионда өтті, оған 23 мыңнан астам жанкүйер жиналды. Алғашқы минуттардан-ақ қонақтар басымдықты өз қолына алды. 25-минутта Килиан Мбаппе пенальтиден есеп ашты, Ал екінші голды 52-минутта Мбаппе соғып, айырмашылықты еселеді. Екінші таймда мадридтіктер қысымды күшейтіп, 74-минутта Мбаппе хет-трик жасады. 83-минутта Камавинга Рожригоның пасын оңтайлы пайдаланып, қақпадан саңылау таба білді. Қосымша уақытта мадридтіктер есепті арттырып, Брайн Диас нәтижені 5:0-ге жеткізді.
Ойын барысында «Қайрат» бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымен, гол соғуға мүмкіндік таба алмады. Қақпашы Тибо Куртуа қазақстандық команданың бірнеше соққысын қайтарып, өз қақпасын голдан аман сақтап қалды.
Бұл жеңісінен кейін «Реал» турнир кестесінде алға шықса, «Қайрат» алғашқы екі турдан кейін ұпайсыз қалды. Алматылық клуб келесі ойынын сырт алаңда өткізеді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары