6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТанымал отандық әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова маңызды іс-шараға өзінің келіні, актриса Жұлдыз Әбдікәрімованы шақырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айдарбекова өзінің Instagram-парақшасында жазба жариялап, кештің қалай өткенін көрсетті. Ал іс-шарадан соң түскен суретте жанында үлкен келіні Жұлдыз бен кіші келіні Индира болған.
Күні кеше менің екінші дүкенімнің ашылуы өтті. Келген достарым мен оқырмандарыма алғысым шексіз. Ол кісілерге де сырттай қарап тілеулес болып отырған оқырмандарым, сіздерге де адал еңбек, табыс және еңбектеріңіздің жемісі мен жетістігін көрулеріңізді Алла жазсын! – деді Айдарбекова.
Оқырман қауымды дүкеннің ашылуы емес, продюсердің үлкен келінінің қатысқаны көбірек қуантқан.
«Дүкенді қоя берші, Жұлдызды көріп қуанғандар қайдасыңдар? Әулетіңмен өсіп-өнгір-ай», «Дүкеннің ашылуына емес, Жұлдызды жаныңызда көргенімізге қуандық», «Жұлдыздың осылай енесінің жанында жарқырап жүргені жарасады», «Жұлдыз көркіне ақылы сай келін! Өзіме қатты ұнайды. Осыған дейін басынан не өткенін тек өзі білді. Бірақ тіс жармады. Міне осыны тектілік дейді», «Жұлдызды көріп қуанғандар біргеміз», «Жұлдыздан тектілік аңқып тұр», - деп жазды көпшілік.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі