22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАлматылық «Қайрат» футбол клубы ертеңгі Суперкубок ойыны алдында баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Клубтың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин маусым алдындағы дайындықтар мен команданың қазіргі ахуалы туралы сөз қозғады.
Маусым алдындағы дайындық ойдағыдай өтті. Бірнеше күн бұрын Түркиядағы оқу-жаттығу жиынынан оралдық, ал Суперкубокқа дайындық толыққанды жалғасуда. Биыл маусым алдындағы турнирлерден бас тартуды жөн көрдік, үш апта бойы жиын өткізіп, бірнеше достық кездесу ұйымдастырдық. Қазіргі құрам бізді толығымен қанағаттандырады. Маусымды дәл осы ойыншылармен бастаймыз. Біздің мақсатымыз – ойынды пенальти сериясына дейін жеткізбеу, бірақ бізде құпия қару бар. Біз осы жерге тек жеңіс үшін келдік, - деді Уразбахтин.
Сонымен қатар, бас бапкер жақында ағылшынның «Челси» клубымен келісімшартқа отырған Дастан Сатпаевтың ойынға қатысуы мүмкіндігі туралы да айтты.
Дастан Сатпаев командамен бірге келді, және біз оның ойынға қатысуына үміттіміз. Ол менталдық тұрғыдан өте мықты ойыншы. Қазіргі қысымға өте жақсы төтеп береді. Біз оған сенеміз және оған ересек футбол деңгейінде өзін көрсету үшін уақыт беруіміз қажет, – деп атап өтті бапкер.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев