2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрФутзалдан UEFA Чемпиондар лигасының финалында алматылық «Қайрат» пен Испанияның «Пальма» командалары кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ойын тартысты басталып, 6-минутта Хесус Гордильо есеп ашса, араға екі минут салып, «Қайрат» сапынан Кайо Руис таразы басын теңестірді. Алайда бірінші кезеңнің соңына қарай «Пальма» ойыншылары басымдықты өз қолына алды. 18-минутта Лукас Машадо, ал 19-минутта Марио Равильос мергендік танытып, командасын алға шығарды.
Екінші таймда испаниялықтар шабуыл қарқынын үдетті. Фабиньо 23, 27, 28 және 31-минуттарда төрт бірдей гол соқса, Нетиньо 32, Матеус Майя 37-минутта есепті үстемелей түсті. «Қайрат» сапынан Дәурен Тұрсағұлов (33-мин), Жахангир Рашит (35-мин) және Кевин Арриета (39-мин) бір-бірден гол соғып, есепті қысқартуға тырысқанымен, матч 4:9 есебімен аяқталды.
Осылайша, «Пальма» Чемпиондар лигасында қатарынан үшінші мәрте чемпион атанды. Бұған дейін олар 2022/23 және 2023/24 маусымдарында да жеңімпаз атанған болатын.
Айта кетейік, «Қайрат» бұған дейін 2012/13 және 2014/15 жылдары Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған еді.
Турнирдің қола жүлдесі Испанияның тағы бір клубы — «Картахена» командасына бұйырды. Олар 3-орын үшін өткен кездесуде Португалияның «Спортингін» 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Финалдық кезеңде «Қайрат» клубының бас бапкері Марлон Веласко келесі ойыншыларға сенім артты: қақпашылар – Деннис және Нарун Серіков. Негізгі құрамда Арнольд Кнауб, Эдсон, Жахангир Рашит, Денер, Занотто, Дәурен Тұрсағұлов, Біржан Оразов, Кайо Руис, Отанья, Кевин Арриета, Геге, Вендел да Силва Мендес және Алиссон өнер көрсетті.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова