23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіФутболдан алматылық "Қайрат" тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бапкер Рафаэль Уразбахтин шәкірттері плей-офф кезеңінде Шотландияның 55 дүркін чемпионы, белгілі "Селтик" клубынан басым түсіп, тарихи кезеңге аяқ басты.
Бұл ретте өз алаңында өткен матчта "Қайрат" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алған екінші қазақстандық команда атанып отыр.
Іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында алматылық клуб сырт алаңда тең ойнаған болатын. Соңғы минуттарда өрескел ойнағаны үшін белгілі жас футболшы Дастан Сәтбаев сары қағаз алып, Алматыдағы қарымта кездесуде өнер көрсету мүмкіндігінен айырылды. Дегенмен, жауапты матчта қазақстандық ойыншылар тең нәтиже тіркеп, пенальти сериясында 3:2 есебімен алға шықты.
Айта кететін жайт, осыдан тура 10 жыл бұрын елордалық "Астана" Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады