Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматының «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Олимпия» (Словения) командасымен кездесіп, тең нәтиже көрсетті – 1:1, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Матч қорытындысы:
59-минутта 16 жастағы Дастан Сәтпаев есеп ашып, «Қайратты» алға шығарды. Осылайша ол еурокубоктар тарихында гол соққан ең жас қазақстандық атанды әрі биылғы 10-голын соқты.
Дегенмен 66-минутта Пинту Кошта есепті теңестіріп, осы есеп ойын соңына дейін өзгерген жоқ – 1:1.
«Қайрат» пен «Олимпия» арасындағы қарымта матч 15 шілдеде Алматыдағы Орталық стадионда өтеді, басталуы – 20:00.
«Қайрат» келесі кезеңде жеңіске жетсе, «КуПС» (Финляндия) пен «Милсами» (Молдова) матчының жеңімпазымен кездеседі.
Жеңіліп қалса, Лига конференциясының екінші раундында қатысады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар