Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіМемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Әукенұлы Байбосыновқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ профессоры Байбосынов Қайрат Әукенұлына «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп және «Отан» орденімен марапатталды.
Сондай-ақ «Парасат» орденімен «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК ғылыми қызметкері Әуезов Ерболат Құдыреұлы, «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ «Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық музей» МКҚК директоры Жамбылова Салтанат Тезекбайқызы марапатталды.
Айта кетейік, бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ақордада салтанатты жиын өтті.
Президент ұлтымыздың болмыс-бітімін сақтауға, халқымыздың руханиятын байытуға зор үлес қосып жүрген сала қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік