Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматылық «Қайрат» 2025/26 маусымындағы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде «Реал Мадридке» қарсы ойнайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тарихи кездесу Алматыда өтеді. Бұл қазақстандық клубтың Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде алғаш рет өнер көрсетуі болмақ.
Топтық кезеңге дейін «Қайрат» іріктеу кезеңінде бірқатар мықты қарсыласты жолдан тайдырды. Алматылықтар «Олимпияны» (қос матч қорытындысы бойынша 3:1), «КуПС-ті» (камбэкпен 3:2), словактың «Слованын» (1:1, пенальти сериясында 4:3) және Шотландияның атақты «Селтигін» (0:0, пенальти 3:2) жарыстан шығарды.
Осылайша, алғаш рет қазақстандық клуб Еуропа футболының алыптарымен бір алаңда бақ сынайды. Ал дебюттік қарсылас — аңызға айналған «Реал Мадрид».
Чемпиондар лигасы ойындарының кестесі:
Жалпы кезең
1-тур: 16-18 қыркүйек 2025 ж.
2-тур: 30 қыркүйек – 1 қазан 2025 ж.
3-тур: 21-22 қазан 2025 ж.
4-тур: 4-5 қараша 2025 ж.
5-тур: 25-26 қараша 2025 ж.
6-тур: 9-10 желтоқсан 2025 ж.
7-тур: 20-21 қаңтар 2026 ж.
8-тур: 28 қаңтар 2026 ж.
Плей-офф кезеңі
Қосымша матчтар: 17-18 және 24-25 ақпан 2026 ж.
1/8 финал: 10-11 және 17-18 наурыз 2026 ж.
Ширек финал: 7-8 және 14-15 сәуір 2026 ж.
Жартылай финал: 28-29 сәуір және 5-6 мамыр 2026 ж.
Финал: 30 мамыр 2026 ж. (Будапешт).
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?