29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЕлімізде 2500-нан астам кәсіпорын халал стандарт алған. Мұндай сертификатты мүфтиятқа қарасты «Халал Даму» ЖШС табыстайды. Әрі орталықтың сайты арқылы кез келген өнімді тескеруге болады. Осы орайда халал стандарты бар жеңіл тағам дайындайтын орындардың тізімін жасадық.
Орталықтың мәліметінше, «QMDB Halal» куәлігі халал өнімдерінің халықаралық нарығына жол ашады. 50-ден астам тәжірибелі маманнан құралған команда өндіріске халал стандарттарын енгізеді. ҚМДБ-ның Халал сертификаты бір жылға беріледі. Соған сай мерзімі өткен соң, қайта тексерістеп өтіп, жаңартуға болады. Сертификат алумен мәселе шешілмейді, ай сайын бақылаушы-инспекторлар кәсіпорынды тексереді. ҚМДБ қызметкерлері ескертпей-ақ келіп, тексеріп кетеді.
Халал сертификатты қалай аламыз?
Кәсіпкер «Халал Даму» ЖШС директорының атына өтініш толтырып, жібереді
Орталық пен кәсіпорын өзара келіскен соң, арнайы келісімшарт жасалып, сарапшылар комиссиясы өндіріспен танысып, шариғат талаптарына сай-жоғын тексереді. Өнімнің құрамын анықтап, ішінде доңыз ДНҚ-сы болмауы қадағаланады. Осылайша, сарапшы комиссия қорытынды шығарып, қорытынды дайындайды. Кәсіпорынды бұдан ары қарай да тұрақты тексеруші үшін бақылаушы бекітіледі. Ак жасалып, артынша сертификат табысталады.
Сонымен, Астана мен өзге де қаладағы халал сертификаты бар жеңіл тағам, яғни фаст-фуд сататын дәмхана тізімін ұсынамыз:
Сертификаттың жарамдылық мерзімі өтіп кеткен:
Өнімді сайттан қалай тексереміз?
Тұтынушы ретінде өнімді тексеріп, халал сертификат бар-жоғын анықтаудың жолы бар. Мысалы, halaldamu.kz сайтына кіріп, «кәсіпорындар» батырмасын басасыз. Ары қарай «іздеу» жүйесіне тауардың атын жазып, тексересіз.
Суретте көрсетілгендей, «өңір», «куәлік статусы», «категориялар», «сертификатталған уақыт», «бақылаушы» және тағы басқа сұрыптау белгісі арқылы қалаған өнім туралы мәлімет аласыз. Кейін дүкенге барғанда қиналмай, халал өнімді оңай таңдайсыз. Көбінесе, халал сертификаты бар өнімде ҚМДБ белгісі таңбаланады. Сонда да тағы бір рет көз жеткізем десеңіз, сайтты бір шолып шығу артық етпейді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек