30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҰлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылғы наурызда өткен жылдың осы айымен салыстырғанда жаңа тұрғын үй бағасы 5,9%-ға, екінші нарықтағы баспана бағасы 6,7%-ға өскен.
Өңірлер бөлінісінде жаңа тұрғын үй бағасының ең жоғары өсімі Павлодар қаласында – 18%, Көкшетауда – 15%. Қолданыстағы, яғни екінші нарықтағы баспаналар Атырау (15,8%), Павлодар (12,9%) және Ақтөбе (12,7%) қалаларында едәуір қымбаттаған.
Ал жалға беру нарығында Астана (25,4%), Талдықорған (23,8%) және Семей (22%) қалалары көш бастап тұр.
Бір айдың ішінде (2025 жылғы ақпан мен наурызды салыстырғанда) жаңа тұрғын үйді сату – 0,6%, ал пәтерлерді қайта сату 1,4% өскен. Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі 1% арзандады.
Айта кетейік, Алматыда да қайталама нарықтағы пәтерлер қымбаттады. Наурызда бағалар 3,7%-ға өскен.
Биыл наурызда үйді сату-сатып алу бойынша 27 739 мәміле тіркелді, оның 5 897-сі жеке сектордағы үйлер болса, 21 842-сі пәтерлерге тиесілі.
Дегенмен ақпан айымен салыстырғанда сату-сатып алу мәмілелері 4,4%-ға азайған.
Астана қаласы ең көп баспана сатылған өңірлер ішінде көшбасында тұр. Бас қалада сату-сатып алу бойынша 5 652 мәміле жасалған. Одан кейінгі орында Алматы, мегаполисте 5 069 сату бойынша шарт жасалған. Сондай-ақ Қарағанды облысында да үй нарығындағы сауда қызып тұр. Кеншілер шаһарында 2 130 мәліме жасалған. Ең аз мәміле Ұлытау облысында – 357 (1,3%).
Жалпы мәміленің 78,2%-ы – көпқабатты үйлердегі пәтерлерге тиесілі. Ең көп сұранысқа ие баспана түрі – екі бөлмелі пәтерлер. Олардың үлесі 8 647 мәмілені құрайды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды