Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерФранцияда қауіпті қылмыскерді қателесіп босатып жіберді. Қазір оны ел бойынша іздестіріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алынған ақпаратқа сәйкес, 25 жастағы ер адам аса қауіпті зорлық-зомбылық қылмысы үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда ол Градиньян коммунасындағы түрмеден басқа бір тұтқынның орнына қателесіп босатылған. Шын мәнінде, босатылуы тиіс адам — Мароккоға депортациялануы керек болған өзге бір азамат. Екі тұтқынның аты-жөндерінің ұқсастығы түрме әкімшілігінің өрескел қателігіне себеп болған.
Қазір қылмыскер халықаралық іздеуге жарияланып, оның ұсталуына байланысты Еуропалық ордер берілді. Бұл құжат ЕО-ның барлық елдерінде күшіне ие және құқық қорғау органдарына оны дереу ұстауға мүмкіндік береді.
Франция билігі бұл оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Түрме жүйесіндегі мұндай олқылықтар қауіпсіздік пен бақылау деңгейіне қатысты сұрақтар туындатып отыр.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі