Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекМаңғыстау облысының прокуратурасы өңірдегі үш ауылға ерекше марапатты табыстады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Маңғыстау ауданына қарасты Қызан, Тұщыбек, Онды елді мекендері «Қауіпсіз ауыл» аталымы бойынша үздік деп танылып отыр.
Соңғы бес айда аталған ауылдарда бірде-бір қылмыстық дерек тіркелмеген. Сондай-ақ, екі ауылдың дүкендері алкоголь өнімдерін сатудан толық бас тартса, Мұнайлы ауданындағы №1 мектебінің оқушылары заңды құрметтеуде үлгілі тәртібімен ерекшеленді.
Айта кететін жайт, құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қозғалған болатын. Оның ішінде қылмыстылық жағдай, есірткі қылмыстары, интернет-алаяқтық, қаржы пирамидалары, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар талқыланды.
Облыстық прокуратура жыл басынан бері бір мыңнан астам алдын алу іс-шаралары өткізді. Кешенді жұмыстардың қатарында есірткі жарнамаларын жою, есірткі заттарын қолдану және таратуды насихаттайтын веб-сайттарды бұғаттау, рейдтер, құқықтық тәртіп мәселелері бойынша халықпен кездесулер, арнайы бейнероликтер түсіру секілді жайттар бар.
Маңғыстау облысының прокуратурасының мәліметінше, аталған жұмыстардың нәтижесінде өңірдегі жалпы қылмыс деңгейі 11%-ға дейін төмендегені байқалған.
Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБүгiн, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?Кеше, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырдыКеше, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес