30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыКалифорния тұрғыны Ян Эпплгейт қатты түшкіргеннен кейін инсульт алып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға ақпан айының басында болған. Ян әйелі Дженнифер мен төрт жасар ұлы Джонмен бірге көлікте отырған кезде кенеттен бірнеше рет қатты түшкіре бастайды. Үшінші түшкіру кезінде оның басы қатты ауырып, сол жақ денесі жансызданып, басы айналған.
Денемнің бүкіл сол жағы ұйып қалды, мен инсульт алғанымды түсіндім. Ауырғаны соншалық, шыдай алмадым, жүрегім қатты айныды, – дейді ол Daily Mail-ге берген сұхбатында.
Янды шұғыл түрде ауруханаға жеткізіп, қанды сұйылтатын дәрі-дәрмектер берген. Дәрігерлердің айтуынша, түшкіру кезінде ұйқы артериясының ішкі қабаты жарылып, қан ұйығы пайда болған. Бұл мидың қан айналымын бұзып, инсультке әкелген.
Қазіргі уақытта ол оңалту терапиясынан өтіп жатыр. Оның әпкесі Ванесса Янның медициналық шығындарын өтеу үшін қаржы жинау науқанын ұйымдастырды.
Мұндай жағдай болуы мүмкін деп ешқашан ойламаппын. Қазір түшкіруден қорқамын, бірақ позитивті болып, қалпыма келуге тырысып жүрмін, – дейді Ян.
Медицина мамандары түшкіру – адамның мұрнына түскен тітіркендіргіш бөлшектерге табиғи реакция екенін айтады. Бірақ сирек кездесетін жағдайларда ол:
✔ Қабырғалардың сынуына
✔ Өкпенің зақымдануына
✔ Тіпті ми тінінің жарақаттануына әкелуі мүмкін.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды