23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2020, 2021 жылдар кезеңінде және 2022 жылдың 8 айында қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау, әкету, сұрыптау және көму нарықтарына талдау жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның қорытындысы бойынша бұл нарықта бәсекелестік дамымаған және жоғары шоғырланған (ҚТҚ жинау, әкету жөніндегі нарықтың 62 субъектісі басым жағдайға ие (СR-1 > 80%). 56 базар субъектісі жерлеу бойынша және 18 нарық субъектісі ҚТҚ сұрыптау бойынша монополиялық жағдайға ие) тарифтік реттеудің қолданыстағы жүйесі тарифтерді тежеуге бағытталғандығына, конкурс өткізу кезінде ЖАО тарапынан формализм, сондай-ақ осы қызметтер нарығына мемлекеттің араласуына байланысты.
Нәтижесінде тарифтер 6 есе айырмашылықпен жоғары сараланған, ал мемлекет бәсекелестік ортаның болуына қарамастан осы нарыққа араласуын жалғастырып келеді, конкурстық талаптар бір қатысушыға бейімделеді, басқа қатысушыларға нарыққа кіруге кедергілер туғыза отырып, мемлекеттік мүлік бір қолға беріледі (контейнерлер, арнайы техника, жер учаскелері).
Осы орайда монополияға қарсы орган Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, осы нарықты ынталандыру және дамыту мақсатында бәсекелестікті дамыту жөніндегі Жол картасын әзірлеуде.
Жол картасы аясында монополияға қарсы орган бизнес пен халық үшін әділ тарифтер қалыптастыратын тарифтерді бекіту және қалдықтардың пайда болу нормаларын айқындау әдістемесін қайта қарауды, ҚТҚ нарығына қатысушыларды іріктеу өлшем шарттарын, ҚТҚ нарығының шекараларын (аудандар мен учаскелер бойынша) бөлуді, жасалатын шарттың қолданылу мерзімін заңнамалық тұрғыдан регламенттеуді, сондай-ақ ЖАО-ның ведомстволық бағынысты ұйымдарының нарыққа қатысуын қысқартуды ұсынады, осылайша ҚТҚ нарығындағы монополиядан барынша азайтады.
Тұтастай алғанда, талдау аясында 12 аумақтық департаменті Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын 13 заңбұзушылықты, ҚТҚ нарығына қатысушыларды конкурстық рәсімсіз айқындау және конкурсқа қатысушыларға жоғары талаптар қою бөлігінде және т. б. анықтады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік