Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыРак клеткаларының өсуін тежеу үшін майлы балық, сарымсақ, жұмыртқа және басқа да тағамдарды көбірек жеу керек. Бұл туралы онколог-хирург Иван Карасев өзінің Telegram-каналында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Дәрігердің айтуынша, тамақтану кез келген ауруды, соның ішінде онкологиялық ауруларды емдеудің маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Салауатты диета 30 пайыз ақуызды тағамнан және 70 пайыз өсімдік тектес тағамнан тұруы керек. Сонымен қатар шамадан тыс майлы немесе қантты тағамдар ішектің немесе асқазанның қатерлі ісігін тудыруы мүмкін.
Онкологиялық аурулардың алдын алу үшін және оларды емдеудің көмекші құралы ретінде Карасев рационға жұмыртқа мен майлы балықтарды қосуды ұсынды.
Адам ағзасында өндірілмейтін, бірақ қатерлі жасушалардың түзілуін тез тежейтін омега-3 май қышқылдарының ең тиімдісі – балық. Қымбат қызыл балық сатып алудың қажеті жоқ, камбалаға назар аударғаныңыз жөн, - дейді дәрігер.
Көкөністердің ішінде онколог рак клеткаларының таралуын төмендететін қырыққабатты және денеден қауіпті токсиндерді кетіретін сарымсақ пен қызанақты атады. Сондай-ақ қатерлі ісікке шалдыққан адамдар диетаға соя өнімдерін қосуы керек, өйткені олар ісіктен бөлек химиотерапия мен сәулеленудің жанама әсерін жеңілдетеді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар