10.12.2022
04:18
1971
Қатар-2022: Аргентина Нидерландыны пенальтимен ұтты

Қатар-2022: Аргентина Нидерландыны пенальтимен ұтты

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем біріншілігінде Аргентина құрамасы Нидерландыны пенальтимен ұтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қос команданың ойыны «Лусаил Айконик» стадионында өтті.

Матчтың негізгі және қосымша уақытында есеп теңесіп, 2:2 ұпаймен аяқталды.

Пенальтиде Аргентина командасы 4:3 есебімен нидерландылықтарды жеңді.

Бұған дейінгі өткен матчта Бразилия құрамасы хорватиялықтарға есе жіберіп, чемпионаттан шығып қалған болатын.

Белгілі болғанай, енді Аргентина Хорватия құрамасымен кездеседі.