Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Құрметті отандастар! Қазақстанның барша православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын! Бұл мейрамда жоғары адамгершілік қасиеттер кеңінен дәріптеледі, ізгілік пен әділдікті орнықтыра түсуге баса мән беріледі. Рождество адамзатты жасампаз әрі мейірімді болуға, жақындарына қамқорлық танытуға және мұқтаж адамдарға қол ұшын созуға үндейді, осы дінге сенетін жандарға үміт пен қуаныш сыйлайды, - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, басқа дәстүрлі діндер секілді православие де мызғымас рухани құндылықтарды орнықтыру, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру және халқымыздың сан қырлы тарихи-мәдени мұрасын сақтау жолында маңызды рөл атқарады.
Православие еліміздің дәйекті дамуына қажетті басты шарттың бірі – жалпыұлттық бірлігімізді нығайтуға да ықпал етеді. Православиені ұстанатын азаматтарымыз Әділетті Қазақстанды құруға және еңбекқорлыққа, білімпаздыққа, отаншылдыққа, тілектестікке, өзара жауапкершілікке негізделген жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға елеулі үлес қосады деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық және бақ-береке тілеймін!, - деді Президент.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар