12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады. Президент құттықтауында елдің егемендік жылдарындағы жетістіктеріне тоқталып, Қазақстанның болашақ даму бағыттарын атап өтті, деп хабарлайды Еl.kz интернет порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының айтуынша, Республика күні – қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын маңызды мереке. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан көптеген сын-қатерді еңсеріп, елдіктің тұғырын нығайтып, халықаралық аренадағы беделін арттырды.
«Қазақстан Тәуелсіздіктің 35 жылдық межесіне экономикасы қуатты, қоғамы жасампаз, күллі әлем қауымдастығы құрметпен қарайтын, беделі зор әрі ықпалды орта держава, өркениетті мемлекет ретінде жетіп отыр», – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев елдің алдағы дамуында сапалы адам капиталына, озық технологиялар мен инновацияларға, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға басымдық берілетінін атап өтті. Сондай-ақ заманауи өндіріс орындарын ашу, инфрақұрылымды жаңғырту және әлеуметтік нысандар салу жұмыстары жалғасатынын жеткізді.
Мемлекет басшысы қоғамда заң мен тәртіп, тазалық, қоршаған ортаға қамқорлық, бірлік пен келісім құндылықтарын нығайтудың маңызын да атап өтті.
«Біз алысқа көз тігетін ұлт ретінде жасампаз мақсаттар мен ұлы мұраттар жолында ұйысып, жарқын болашаққа зор сеніммен ұмтыламыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент құттықтауының соңында еліміздің шаңырағы биік, ұлт рухы асқақ болуын тілеп, көк байрақтың әрдайым биікте желбіреуіне тілектестік білдірді.
Айта кетейік, Республика күні Қазақстанда жыл сайын 25 қазанда аталып өтеді. Бұл мереке елдің мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздік жолындағы тарихи таңдауын білдіреді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер