Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәскеуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Венесуэла Президенті Николас Мадуро кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, еліміздің Ұлы Жеңіске қосқан үлесі жайында айтты. Президент Қазақстаннан майданға 1,2 миллион адам аттанып, олардың жартысы ерлікпен қаза тапқанын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэланы еліміздің маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті. Сонымен қатар белгілі себептерге байланысты осы уақытқа дейін екіжақты ынтымақтастық ойдағыдай өрістемегеніне назар аударды. Осы орайда Николас Мадуроны өзара ықпалдастықты талқылау үшін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.
Президенті екі ел арасындағы байланыстардың жай-күйін пысықтауға мүмкіндік туғанына қуанышты екенін жеткізді. Оның айтуынша, Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеудің жаһандық маңызы зор. Николас Мадуро Кеңес Одағының құрамында болған халықтар Жеңіске жету жолында негізгі рөл атқарғанына тоқталды.
Әңгімелесу барысында экономикалық қарым-қатынасты дамытуға, соның ішінде энергетика саласындағы ынтымақтастыққа мән берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша сауда-саттықты жандандыру мақсатында экспортқа лайық өнімдердің тізбесін әзірлеу және өзара алмасу, екі елдің іскерлік орталары арасында нақты ықпалдастық орнату жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары