6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматыда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Дәстүр – халық рухы. Дала қазынасы» атты көрмесі ашылды. Экспозицияда музей қорындағы Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заманның сәндік-қолданбалы өнерінің 60-тан астам туындысы ұсынылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, көрмеге келушілер қазақтың халық қолөнершілері мен әр ұрпаққа жататын сәндік-қолданбалы өнердегі кәсіби суретшілердің жұмыстарымен таныса алады. Олардың ішінде киіз, тоқылған және кестеленген кілемдер, гобелендер, ат әбзелдері, ағаш, тері, металл шеберлерінің туындылары бар.
Көрменің тағы бір тұтас бөлімі қабырғаға кестеленген түскиіздерге арналған. Киіз үйдің сәндік безендірілуінде төрден құрметті орын алып, отбасылық бақыт пен амандықты бейнелейді. Қазіргі сәндік-қолданбалы өнердің ең кең таралған түрі гобелендерге де арналған жеке экспозиция бар, - делінген мәліметте.
Аталмыш көрме қазіргі заманғы мәдениет тұрғысынан халық өнерін сақтау мен зерделеудің маңызын көрсетеді. Іс-шара 2024 жылдың 30 тамызына дейін жалғасады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі