30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстандық «Taraz» танкері Қашаған мұнайымен Ақтау портынан Бакуге жолға шықты. Жеткізу «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының Мемлекет басшысының отандық көмірсутектер экспортының баламалы бағыттарын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
ҚМГ компаниясының хабарлауынша, ары қарай мұнай Баку-Тбилиси-Джейхан (БТД) құбыр жүйесі арқылы Жерорта теңізіне дейін тасымалданады. Экспорттаушы - «ҚМГ Қашаған Б.В».
Бұл қадам Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамытуға ықпал етеді.
2022 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзірбайжанның SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы арасында қазақстандық мұнай транзиті туралы Бас келісімге қол қойылған болатын.
2024 жылғы наурызда ҚМГ мен SOCAR арасында Әзірбайжан Республикасының аумағы арқылы мұнай транзитін кезең-кезеңімен ұлғайту туралы келісім жасалды. Құжатта жеткізу көлемінің жылына 2,2 млн тоннаға дейін артуы көзделген.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды